Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:16

Түркістан: Іскер әйелдер бас қосты

Түркістан облысында жалпы кәсіпкерліктің 30 пайызын іскер әйелдер құрайды. Осыған орай қазіргі таңда облыста Іскер әйелдер қауымдастығы жұмыс істеп келеді.

Бұл қауымдастықтың негізгі мақсаты- әр саладағы іскер ханымдар мен қыз-келіншектерді басын біріктіру болып табылады.

Жетісай ауданында  Іскер әйелдер қауымдастығы Түркістан облысы адалдық кеңсесі мен біргелікте өз кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектермен кездесу өткізді. Жиын барысында   кәсіпкер әйелдер қауымы өз ойлары мен пікірлерін білдіріп, мемлекеттік гранттар санын арттырса екен деген ұсыныстарын айтты.  

«Бүгін Школа женского лидерстово жайлы айтып бердік.Сондай-ақ мақсаттармен бүгінгі қоғам өміріне өзгерістер енгізіп, үкімет маған не берді емес, мен үкіметке не беремін деу керек.Өзімнің жанұям үшін, өзімнің жерім қоса аламын, даму үшін қандай көмек бере аламын деген ханымдарға арналған жоба»,-деді Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева

Түркістан облысының іскер әйелдер қауымдастығы  осы уақытқа дейін Отырар, Созақ, Қазығұрт аудандарындағы кәсіпкер ханымдармен кездесу өткізген. Бүгінгі таңда еліміз бойынша кәсіпкерліктегі әйелдер үлесі шамамен 50% құрайды, ал оның мемлекеттің жалпы ішкі өнімін құраудағы салымы ­- 40% болып отыр.

  «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1196 рет