Бейсенбі, 10 Маусым 2021 06:57

Шымкентте кәсіп бастаймын дегендерге мүмкіндік көп

Бүгінде шаһарда зауыт, фабрика ашам деп ниет білдіргендерді қолдау қарқынды жүргізіліп жатыр.

Мәселен, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарды атап өтуге болады.Соның ішінде - «Azala Cotton» зауыты Шымкент экономикасына өз үлесін қосып келеді.

2008 жылы іске қосылған кәсіпорын қазір өзінің өндірістік қуаттылығын арттырған. Аталған өндіріс ошағы қазір жылына 6,5 тонна жіп иіреді. Оның басым бөлігі шетке экспортталуда.

Аумағы 4,5 гектар. Жобаның жалпы құны 7 млрд теңге.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы құрылған болатын. Алайда 2012 жылы зауыт тоқырауға ұшырап жабылған. Бірақ 2017 жылы қайта бой тіктеп, зауыт өзге кәсіпкерлердің қолына өтіп, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді.

Аталған  зауытта дайын мақтадан жіп иіреді.Ақ алтынды жергілікті Мақтаарал, Түркістан қалаларынан сатып алады. Бүгінде кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың жылдық қуаттылығы 6,5 мың тонна. Мұндағы заманауи  техникалар  арнайы  Швейцария мемлекетінен тапсырыспен әкелінген.

Айтып өтейік,  бұл фабрика жіп иіру саласы бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Өндірілген тауардың 95%-ы экспортталады. Оның ішінде көрші Ресейге 40%-ы, ал Қытайға 55%-ы жөнелтіледі.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 557 рет