Бейсенбі, 19 Қаңтар 2023 17:05

Жетісайлық кәсіпкерлер палатасы 1940 кәсіпкерге қызмет көрсеткен

Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының 2022 жылында атқарылған жұмыстары бойынша төмендегіідей мәлімет берді.  

Аудан көлемінде кәсіпкерлік субьектілер саны 15 219, заңды тұлғалар 951, жеке кәсіпкерлер 4537, шаруа қожалықтар 9731 қызмет жасайды. Біз бұл кәсіпкерлік субьектілерінің кез келгеніне бухгалтерлік және салықтық есептерін жүргізу, заңгерлік, қаржыландыру бойынша толық сүйемелдеу, кеңестер беру бойынша тегін қызметтер көрсетіп келеміз.

Кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының кеңесші-менеджерлерімен 1940 кәсіпкерлер мен жеке азаматтарға бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жүргізу, бизнес-жоспар жасау, заңгерлік қызметтер көрсету, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік ашу, мал басын көбейту бойынша несие алуға, субсидия бойынша кеңестер беріліп құжаттар дайындауға көмектер көрсетілді.

Жобаларды сүйемелдеу жұмыстары бойынша жыл басынан «Атамекен-Түркістан» МҚҰ бойынша 8 жобаны қарап, 8 жобаға - 38,5 млн тенге несие қаражатын берді. Қалған мемлекеттік бағдарламалар бойынша: Мкұ Ырыс, Агронесие корпорациясы, екінші деңгейді банктер арқылы да кәсіпкерлерге сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда бірнеше дүкендер мен тамақтанатын орындар, әсемдік салон, тігін саласы т.б кәсіпкерлік қызмет көрсету орындары ашылды.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі №129-V «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңына сай, Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» ойын сауық орталығында 2022 жылдың тамыз айында "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсына Жетісай ауданының отандық тауар өндіруші кәсіпкерлік субьектілері қатыстырылып, жеке кәсіпкер «Берік» алғыс хатпен марапатталды.

Жетісай қаласындағы Орталық базары өртенуіне байланысты, 818 кәсіпкерлердің тізімі жасақталып, мүлік шығындарының есептелуіне көмек беріп, жеңілдетілген несие берілуіне ықпал етіп, құқықтық кеңестер берілді.

Білім беру мекемесі жеке кәсіпкердің балабақшасын біріктіру жөнінде өтініші толық қанағаттандырылмағандықтан, Кәсіпкерлер Палатасы тарапынан толық құқықтық сүйемелдеу жұмысының нәтижесінде жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды;

«Агро несие корпорациясы» АҚ-нан несиеге алған жүк көлігі өртеніп жарамсыз болуына орай жеке кәсіпкердің несие төлемін шегеруіне құқықтық көмек берілді;

Аудан прокуратурасы және Кеңес мүшелері, «Іскер әйелдер» кеңесі осыған ұқсас тағы да басқа мекемелер мен алуан түрлі тақырыпта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 Қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламары бойынша семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Жыл бойы ауылдық округті аралап, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар, қолдаулар бойынша кеңестер беріліп келді.

 

Оқылды 224 рет