Дүйсенбі, 23 Қаңтар 2023 19:44

Түркістан: Құрылысшылар мен тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығының отырысы өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі комитет отырысы өтті.
Жиында кәсіпкерлерге «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты орта білім беру ұйымдарында апаттық жағдайдағы мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен «Жайлы мектеп» жобасы бекітілді. Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 173 млр 117 млн 518 000 сомада қаражат бөліну қарастырылған. Облыс бойынша жалпы 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 57 300 орын) құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 29 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, республика бюджетінен 54 641 056 мың теңге бөлінеді, ал 2024 жылы пайдалануға берілуі көзделіп отыр.

Ұлттық жоба бойынша орта білім беру ұйымдарының объектілерін жобалауды – “Samruk-Kazyna Construction” акционерлік қоғамының дирекциясы жүзеге асырады.

Тауарөндірушілердің назарына негізгі талап «Самұрық-Қазына» АҚ Тауар өндірушілерінің тізілімі немесе Отандық тауар өндірушілердің тізілімі (Өнеркәсіптік сертификат негізінде) арқылы жиһазды сатып алу екенін ескереміз.

 

Оқылды 254 рет