Кәсіп ашуға ниеттеніп жүрсіз бе? Немесе өз ісін дамытатын кез келді ме? Алайда осы мақсатта қаржыңыз болмай тұр ма? Ендеше осы посты оқи отырыңыз. Мұнда кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан және арнайы қорлардан болатын қаржылай қолдау түрлерін атап өтетін боламынз.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ұлттық жоба бойынша төмендегідей қолдау түрлері көрсетіледі:
- 400 мрп қайтарымсыз гранты(1 380 000тг)
- Инновациялық Грант (2-5 млн)
- 6% дық Даму қоры арқылы субсидияланатын несие. (Айналым 5-7млн, Инвестиция-20 млн, Мал шаруашылығы-5-6 млн)
- 2.5% Жастар несиесі (5-7млн)
Байқағаныңыздай сізден білім мен әрекет болса, кәсіп ашуға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Бизнес бойынша кеңес пен сүйемелдеу қызметтерін алу үшін Атамекен Кәсіпкерлер палатасына жүгіне аласыз.
400 АЕК көлеміндегі грантқа usiness.enbek.kzпорталы арқылы өтініш бере аласыздар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламада қатысушыларға 400 АЕК (2022 жылға - 1 225 200 теңге) дейінгі мөлшерде өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Грант алудың міндетті шарттары: 1) «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы, өтініш берген сертификатты алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде есептеледі;2) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы;3) комиссияның оң шешімінің болуы.
Мемлекеттік грантқа кім үміткер бола алады:
тіркелген жұмыссыздар;
жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін);
бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.
Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:
мүгедектігі бар адамдар;
қандастар;
өңіраралық қоныс аударушылар;
тұрмысы төмен отбасы мүшелері;
көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы/зайыбы);
асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар;
жастар.
"Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуға тиіс. Грант ақшасын қажетті құрал-сайман, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, мал, құс, көшеттер, бұталар мен тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге жұмсауға болады.
Грант тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.
"Халықты жұмыспен қамту орталықтары грантты үміткерлердің өтініштерін қарайтын аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Комиссияның шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
1,2 млн теңге грант алуға өтінімді қалай беруге болады:
business.enbek.kz порталында тіркелу;
грант алу шарттарына сәйкестігін тексеру;
бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, оны толтыру және порталға енгізу;
өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Инновациялық гранттар
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында өтетін байқауға қатысып, бақ сынап көріңіз. Мемлекеттік қолдау шеңберінде инновациялық жобаларға 2 млн-нан 5 млн теңге аралығындағы грантты ұтуға мүмкіндік бар.
Грант алудың басты шарты тың бизнес-идея, инновациялық жоба болуы қажет және жаңа жұмыс орындарын құруға септігі тиюі керек.
Байқауға қатысуға үміткерлердің «Бастау-Бизнес» немесе «Бизнес-мектеп» курстарынан өткенін растайтын, мерзімі екі жылдан аспаған сертификаты, бизнес-жоспары, мемлекеттік грант сомасының 10 пайызынан кем түспейтін тең қаржыландыру мүмкіндігі барын растайтын құжаты болуы міндетті. Қалған құжаттар тізім бойынша анықталады.
Кәсіпкерлер ұтқан грант қаржысын тауарға, қызмет көрсетуге қажетті шикізатты, материалдарды сатып алуға немесе материалдық емес активтер мен технологияларды, кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды алуға (франчайзинг) жұмсай алады. Сондай-ақ зерттеулерге, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарды өтеуге арнаса да болады.
«Грант қаражаты екі траншпен бөлінеді. Бірінші транш толық игерілгеннен кейін екіншісі беріледі.
6 пайыздық «Даму» қорының субсидиясы
«Даму Қоры өз бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, бұқараға мемлекеттен көрсетілетін демеу құралдарын таныстырып келе жатқанына 20 жылдан асты. Бұл қолдау отандық тауар өндірушінің аяғына нық тұрып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мұрындық болып, бұрыннан келе жатқан жұмыс орындарының жабылмай, сақталуына сеп болып келеді. Мемлекеттік және Қордың өз бағдарламалары аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру жеңілдікті негізде жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау төрт бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:
-«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (7 млрд теңгеге дейін. Субсидияны есептегенде 6%. 5 жылға, салалық шектеусіз, сауданы қоспағанда);
-«Қарапайым заттар экономикасы» (несие сомасына шектеу жоқ, Субсидияны есептегенде 6%, 10 жылға, басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар субсидияланады);
- «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламасы (құрылыс компанияларының несиелері субсидияланады, несие сомасына шек жоқ. Субсидия көлемі 7%, 3 жылға);
- «Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы (қуат көзін үнемдеу, энерготиімді жобаларды жүзеге асырумен айналысатын, осы салада тәжірибесі мол кәсіпкерлердің несиесі субсидияланады. Несие сомасы 350 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесінің 10% немесе негізгі қарыздың 40%-ына дейін).
2010 жылдан бастап «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлердің несиесіне кепілдік беру құралын енгізді. Бұл – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы болып саналады және банк талап еткен кепілзат жетпеген жағдайда кепіл болады.
Несиеге кепілдік беру құралы:
- «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (1 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 50%-ынан 85%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты салалық шектеусіз, сауданы қоспағанда);
- «Қарапайым заттар экономикасы» (5 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 30%-ынан 50%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар);
- «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (несие сомасы 6500 мен 8000 АЕК, қай өңір екеніне қарай. Бұл несие бойынша кепілдік 85%-ға дейін, несиенің мөлшерлемесі 6%);
- «Даму Оптима» бағдарламасы (несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік, Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. Несие сомасы 180 млн теңгеге дейін, кепілдік үшін комиссия несие бойынша негізгі қарыз қалдығынан 2,5%).
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеевтің айтуынша Қор сондай-ақ банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы «Еңбек» бағдарламасы, ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша, 17 өңірдегі аймақтық бағдарламалар бойынша жеңілдікпен несие беру бағдарламаларының операторы.
Субсидиялау құралы бойынша ТЖ режимі кезеңінде қор 72,4 млрд теңге сомасына 348 жаңа жобаны қолдады және 324 млрд теңге сомасына 2250 жоба бойынша қайта құрылымдау ұсынысын мақұлдады.
Кепілдік беру бойынша 10,2 млрд.теңге сомасына 173 жоба қолдау тапты, берілген кепілдік сомасы 4,3 млрд. теңгені құрайды. Қор кепілдік беру жобалары бойынша 2 637 жоба бойынша 80,2 млрд.теңге несие сомасына қайта құрылымдауды мақұлады, кепілдік сомасы 36,3 млрд. теңге.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер өз өтінімдерін egov.kz және online.damu.kz портал арқылы online жібере алады. Сондай-ақ, онлайн режимде www.damu.kz, www.online.damu.kz веб-сайттарда кеңес алып немесе бірыңғай Call-орталыққа 1408 нөмірі арқылы қоңырау шала алады (қоңырау шалу тегін).
Жастарға арналған 2,5 пайыздық кредит. Несие 5-7 жылға беріледі. Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге.Жастарғаарналғанжаңакредит "Аграрлықнесиекорпорациясы" АҚарқылыберіледі. Негізгішарттары:
· микрокредит мерзімі – 5 жылғадейін (малшаруашылығысаласындағыжобаларүшін– 7 жылғадейін);
· микрокредиттіңеңжоғарысомасы– 5 миллионтеңгегедейін;
· сыйақымөлшерлемесі–жылдық 2,5 пайызданаспайды;
· микрокредит кепілмен қамтамасызетілуішарт. Несие алушыларғамикрокредитберумерзіміұзақтығыныңүштенбіріненаспайтынмерзімгежеңілдіктікезеңберіледі. Несие беру халықтыжұмыспенқамтумәселелеріжөніндегіжергіліктіатқарушыоргандарарқылыжүзегеасырылады. Несиеалатынуақыттаүміткерлердіңжекекәсіпкерретіндемемлекеттіктіркелу мерзімі бес жылдан аспағанболуышарт. Сондай-ақ, жобадамикрокредитберуүшінүміткердіңжасықұжаттардытапсырусәтіндеескерілетініжазылған. Алайда, оныңтәртібіайқындалмаған.Бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегіконкурстықкомиссияныңотырысыайына еңкемібірретөткізіледі.Еске салайық, мемлекетбасшысыҚасым Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын.