Сәрсенбі, 01 Ақпан 2023 15:48

Түркістанға келушілер мен туристер саны артты

Бұл жайында тұрғындармен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Ыстамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылды. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Дубай, Тбилиси, Ташкент және Самарқандқа рейстер ашуға ұсыныс берілген. Астана мен Алматыға рейстер санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 2018 жылмен салыстырғанда Түркістанға келушілер ментуристер саны 4 есе артқан. Осылайша өңірдің экономикалық өсуі байқалды. 

 Айта кетейік, Туризм саласы экономиканың өсуінің жаңа көзіне айналуы тиіс. Бұл туралы ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев және туристік саланың 120-дан астам өкілінің қатысуымен өткен жиында ҚР туристік саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасының таныстырылымында айтылды.«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов жиынды ашып, Мәдениет және спорт министрлігіне тұжырымдамалық тәсілдерді алдын ала талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. «Қауымдастықтармен және туристік сала өкілдерімен тұжырымдаманың жобасын талқылауымыз керек деп санаймыз. Туризм үлкен салааралық байланысқа ие. Жеке іс-шаралар бірнеше салаға әсер етуі мүмкін. Сондықтан барлық тарапты тыңдап, тепе-теңдікті сақтау өте маңызды. Әріптестер, бүгін нарықтағы әр мәселені, ескертулер мен ұсыныстарды талқылау қажет», - деді Мақсат Қиқымов.ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бірінші кезекте Ұлттық палата мен бизнестің барлық ұсынысы мен ескертулерін жинап, құжатты осы жылдың 8 ақпанына дейінгі мерзімде премьер-министрге ұсыну қажет екенін атап өтті.«Құжат алдын ала Үкіметтің қарауына жіберілді, барлық ескерту назарға алынды. Қазір министрлік өкілдері Ұлттық палата мен бизнестен кері байланыс алғысы келеді. Тұжырымдама жобасына Мемлекет басшысының халықаралық аренада Қазақстанды ілгерілету, визасыз елдер санын 100 мемлекетке дейін ұлғайту, авиабилеттер бағасын төмендету, ішкі нарықты сапалы автожолдармен қамтамасыз ету сияқты осы салаға қатысты тапсырмалары енгізілді», – деп атап өтті вице-министр.

 Құжат Ұлттық жоспармен өзара байланысты. Онда үш тәсіл мен іс-қимыл жоспарын қамтыды: туризм инфрақұрылымы, логистиканы құру және дамыту, қолайлы іскерлік климат құру және сервис сапасын арттыру, туристік әлеуетті ілгерілету және 567 млрд теңге сомасына 89 ірі іс-шараны қамтиды.«Біз республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар санын қысқарттық. Қаражат бөлініп қойған шаралар қалдырдық», – деді Ержан Еркінбаев.

Құжатқа сәйкес 2030 жылға қарай Қазақстанда саяхат пен туризмді дамыту индексінің өсуін, ішкі туристердің 11 млн адамға (2022 жылдың 9 айында  6,5 миллион адам), шетелдік туристер 4 миллионға дейін (9 айда. 2022 ж. 0,6 млн. адам), қызметтер экспорты 5,5 млрд. (9 айда. 2022 ж.1,3 млрд.), барлық қонақ үйлерді «eQonaq» ақпараттық жүйесімен қамту көзделген. Сонымен қатар, вице-министр туристік саланы мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін кеңейтуді көздеп отырғанын атап өтті.Тұжырымдама жобасын талқылау барысында турбизнес өкілдері құжатқа туристік саланы дамытудың бірқатар маңызды мәселелерін енгізуді ұсынды. Мысалы, құжат жердің нысаналы мақсатын өзгертпестен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қонақ үйлер мен глампингтер салуға рұқсат беру бөлігінде пысықтауды талап етеді. Кәсіпкерлердің айтуынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес қонақ үйлердің иелері ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылыс салуға тыйым салынғандықтан қызметін кеңейте алмайды.

Сонымен қатар, балалар туризмін дамыту және оқушылардың кәсіптік бағдарлануы, қолөнер, ұлттық дәстүрлер және қонақүйлердің жүктелуі индикаторын енгізу қажеттілігі ерекше назар аударуды талап етеді.

ҚР балалар-жасөспірімдер туризмі және демалыс қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов тұжырымдамаға балалар-жасөспірімдер туризмін, жасыл экономиканы дамыту мәселелерін енгізу, автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі тізбені кеңейту, сондай-ақ ТОП 10 дестинация аясында бағыттар тізбесін кеңейту және Зеренді кентін қосу қажеттігін айтты.

«Тұжырымдама аясында туризм саласы үшін 3 халықаралық көрме жеткіліксіз, олардың санын кемінде 6-7-ге дейін ұлғайту, сондай-ақ іс-шаралар күнтізбесін бекіту қажет», - деп атап өтті «Global Air American Express» ЖШС бас директоры Гүлден Оспанова.

ҰКП Туристік сала Комитетінің мүшесі Қанат Елеусізов туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін туристік полицияның функционалын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Тұжырымдамаға ұсыныстардан басқа жекелеген курорттық аймақтардың көптеген мәселелері айтылды, бизнес МСМ қамқорлығымен осы мәселелерді шешу бойынша бірқатар жұмыс кездесулерін өткізуді ұсынды.

Вице-министр бизнестің бұл ұсынысымен келісіп, талқылау қорытындысы бойынша туристік саланың дестинацияларын дамыту мәселелерін жүйелі түрде талқылау туралы шешім қабылданды. Алғашқы кездесуді Алакөл көлінің оңтүстік және шығыс жағалауын дамыту бойынша өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, вице-министр бүгін біз тек тұжырымдамалық тәсілдерді талқылағанымызды, тұжырымдаманы таныстырғаннан кейін Қазақстан премьер-министріне туристік нарыққа Тұжырымдаманың толық мәтіні барлық қосымшалармен және іс-шаралар жоспарымен келісуге жіберілетінін атап өтті

Жиын соңында Мақсат Қиқымов кеңестің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, туристік бизнестен ҰКП-ға оларды әрі қарай мәдениет және спорт министрлігіне жіберу үшін өз ұсыныстарын беруін сұрады.

 

Оқылды 1212 рет