2024 жылдың І тоқсанында Түркістан облысының негізгі экономикалық көрсеткіштері жақсара түскен

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудан, қалалардың 2024 жылдың І тоқсанындағы рейтингі шығарылды. Бұл ретте түрлі саладағы индикаторлар есептеліп, қорытындысы баяндалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көш соңында қалған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты үйлестіруді, жандандыруды тапсырды.

Шардара ауданында 1000 шақырымға жуық су жүйелері жаңартылып жатыр

Шардара ауданында ағын су жүйелерін жаңғыртып жатыр. Арық-атыздарды тазарту жұмыстарына облыстық әкімдікке қарасты мекеме жауапты. Шардара ауданындағы су жүйелері соңғы рет жарты ғасыр бұрын тазаланыпты. Арық-атыздардың табаны лай бақпаққа толып қалған.

ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ НЕМЕСЕ САЛМАУ МӘСЕЛЕСІ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін талқылау мақсатында Шымкентте қоғамдық талқылаулар өтті.
Талқылауларға өңір тұрғындары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, БАҚ, Қазақстанның Азаматтық альянс өкілдері және т.б. қатысты.
Жалпы, Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Бірақ, Президент Жолдауда АЭС салу немесе салмау мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі деген болатын.
Сондай-ақ, Президент референдумды өткізу уақыты кейінірек анықталатынын атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.
Осыған орай, қоғамдық талқылауға қатысуға ниет білдіруші барлық азаматтарды шақыруға арналған тиісті хабарландыр ресми сайтта жариялады. Жергілікті БАҚ өкілдері, блогерлер және қоғам белсенділері ой пікірлерін білдірді.
Онда АЭС-тің экологияға, адамдардың денсаулықтарына, табиғи-климаттық факторлардың атом электр станцияларына әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелері туралы жан-жақты айтылып, қатысушылармен талқыланды.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі Д.Шерімқұлов, қоғам белсендісі Е.Сатқанбаев және мемлекет және қоғам қайраткері О.Рахманбердиевтер спикерлердің айтқан мәселелеріне қолдау көрсетіп, өз ой пікірлерімен бөлісті.
Қала тұрғындары тарапынан АЭС құрылысын салудағы әлеуметтік-экономикалық аспектілерге кері әсері мен пайдалы тұстары туралы да толғандырып жүрген сауалдарға спикерлер тарапынан жан-жақты түсінік берілді.

 

Түркістан: облыс әкімі жылына 120 мың тонна мыс өндіретін зауыт құрылысы бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізді

Түркістан инвесторлар үшін тартымды өңір. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жалпы қуаттылығы жылына 120 мың тонна мыс өндіретін зауыттың құрылысы бойынша «Sharq Tubes» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Түркістан: Сауран ауданында биыл 37 млрд. Теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылмақ

Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылмақ. Бұл жайында брифингте Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мәлімдеді.

Түркістан: арнайы экономикалық аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында кәсіпорындар мен өндіріс орындарын бір жерге шоғырландыру, олардың тиімділігін арттыру және инвесторларға қолайлы жағдай қарастыру мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған.

Дархан Сатыбалды Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын пайдалану көрсеткішін көтеру бойынша нақты тапсырмалар берді

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын өндіруші, жеткізуші кәсіпорындар мен тауар өндірушілермен кездесті. Оларды байланыстырып, заманауи технологияларды ендіру бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Түркістан: облыс әкімінің орынбасары Арыс қаласында салынып жатқан жаңа нысандарды аралады

Бүгін Арыс қаласына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров арнайы іссапармен барып, жаңа нысандардың құрылыс жұмыстармен танысты. Аралау барысында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалада салынып жатқан нысандар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.