Түлкібаста 23 жоба қаржыландырылды

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалының кәсіпкерлікті қолдау орталығы 2022 жыл басынан, бүгінгі күнге дейін 252 кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар азаматтарға «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба» және басқада мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы 744 кеңестер беріліп, бизнес жобаларына сүймелдеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-нан, Түлкібас ауданы бойынша 23 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде қызмет көресту саласы бойынша 5 жоба, мал шаруашылығын дамыту бойынша 19 жоба қаржыланды.

«ЫРЫС» шағын несие ұйымынан мал шаруашылығы боййынша 3 жоба, көктемгі дала жұмыстары бойынша 15 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» 5 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан ауыл шаруашылығы 3 техникасын (трактор) алу бойынша жобалар мақұлданып, өз кәсіптерін жүргізуде.

Сонымен қатар, сервистік көмектер көрсету барысында «Е-лицензия» порталы бойынша 11 тұлғаға жеке кәсіпкерліктерін мемлекеттік тіркеу бойынша көмек алды.

Аудан прокуратурасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер кеңесі, аудан кәсіпкерлері, Іскер әйелдер кеңесі және мүшелері, жеке меншік бала бақша меңгерушілермен, әр түрлі бағытта, жиындар, кездесулер өткізілді.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастыруымен «АЛТЫН КҮЗ» мерекесі өтті, Түлкібас ауданының жеке кәсіпкерлері «КЕНТАУ» ЖШС, «Мичурин алма экспорт» ЖШС-і, «ЕҢ ҮЗДІК ЖЕМІС ЖИДЕК ӨНДІРУШІ» болып ауыл шаруашылығы саласының үздіктері болып марапатталды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша, 2 өтініш түскен болатын.Жеке кәсіпкер Спабекова қосымша жер телімін алу үшін, өтініш берген, нәтижесінде оң шешімін тапты, жеке кәсіпкер БАРЫС 2020 Сартбаеваның, өз өтініші бойынша жазбаша жауабын алды.

Жалпы, 2022 жылды қорытындылап, кіріп келген, Жаңа жылда кәсіпкерлер үшін, істері оң болып,берекелі жыл болсын.

Палатаның басты міндеттердің бірі, кәсіпкерлерге сапалы қызмет жасау, оларды жан жақты қолдап,олармен тығыз байланыста жұмыс атқаратынымызға, толықтай сенім білдіреміз.

ТҮРКІСТАНДА БЫЛТЫР 273 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІПТЕРІН БАСТАҒАН

Түркістанқаласындашағынкәсіпкерліктідамытубағытындамемлекеттарапынантұрақтықолдаукөрсетіліпкеледі. Мемлекеттікгранттарбастапқыбизнестііскеасырудыжоспарлайтынбағдарламағақатысушыларғаөтеусізжәнеқайтарымсызнегіздеберіледі. Ұлттықжобааясындакәсіпкерлікмақсаттаберілетінқайтарымсызгранттар 400 айлықесептіккөрсеткішкөлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылды.

Бұлбағыттағы 2022 жылыатқарылғанжұмыстарғатоқталсақ, облысорталығындажаңабизнесидеялардыіскеасыруғаөтінішбілдірген 273 азаматқа (оныңішінде 120 әлеуметтікосалсанатынажататынтұлғаларғажәне 153 жұмыссызжастар) қайтарымсызқаржылайқолдаукөрсетілді. Бүгіндегрантқаражатыменқамтылғаназаматтарзаңдытұлғаретіндетіркеліп, өзкәсіптеріндөңгелетуде.

Жаңабизнес-идеялардыіскеасыруғаарналғанмемлекеттікгрантқаражатықажеттіеңбекқұралдарын, технологиялықжабдықтарды, жануарларды, малды, құстардысатыпалуүшіннысаналымақсаттапайдаланылады. Албұлқаржынытұтынушылықмақсаттарға, несиеқарыздарынөтеуге, жылжымайтынтұрғынүйсатыпалуғажәнесалуға, жеручаскелерінсатыпалуғақолдануғаболмайды.

Бастапқыкәсіпкерліккеқаржылайқолдаукөрсетушараларыбиылдажалғасады. Жоспарғасәйкес, биыл 110 азаматқагрантқаражаттарынұсынукөзделіпотыр.

Түркістан: Кәсіпкерлерге банкроттық туралы заң түсіндірілді

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" жаңа заңды түсіндіру бойынша семинар өтті.

Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.
Заң, 3 түрлі – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады.
Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

????️Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.
Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:
1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
3. мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.
Сонымен қатар, Заң жобасымен:
- 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;
- 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.
5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.
Сот банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

 

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУҒА КҮШ САЛЫНАДЫ

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру - бәсекелестіктің басты шарттарының бірі. Келес ауданының шаруаларымен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, әртараптандырудың осы салаға тұрақтылық әкеліп қана қоймай, жердің құнарлылығын да арттыратынын алға тартты. Агроқұрылымдар мен ғалымдардың басын қосып, тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңір әкімдеріне ауылдарды дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, елді мекендерді дамыту жолдарын саралады.

– Облыстың табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, дамыған мемлекеттерден қалып қоймас үшін бәсекеге қабілетті әлемдік талаптарға сай өнім өндіруге ұмтылған жөн. Егілетін өнім сұранысқа сай болу керек. Бұл – бизнес. Сондықтан сатуды ойлау керек. Жаппай қырыққабат не қияр егіп, өткізе алмай қалудан қыруар еңбек пен қаражат зая кетуі мүмкін. Сондықтан бұл бағытты жүйеге қойып, алдын ала жоспарлау қажет, егістікті әртараптандыру өте маңызды, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы іссапар барысында Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жылыжай жұмысымен танысты. Саланы жетік меңгерген қожалықтың егесі сапалы өнім алудың қыр-сырымен бөлісуге дайын.

8 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешенінде 40-қа жуық азамат еңбектенуде. Көкөністің қырыққабат, қызанақ, қияр құлпынай және бұрыштың сан түрлі сорттары өсіріледі. Сонымен қатар көкөністерді тұқым күйінде егіп, шаруаларға дайын көшет күйінде саудалауда.

Дархан Сатыбалды биыл ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несиелер берілетінін, бұл бағытта Түркістан облысына 11 млрд. теңге қаралғанын атап өтті. Сондықтан ол несие нақты жоспары бар, іскер азаматтарға берілуі тиіс екенін жеткізді. Аудан, ауыл әкімдері жаңа жұмыс орындарын көбейтетін және өнім шығаратын жобаларды іріктеп, қолдау көрсетуі керектігін айтты. Бұл ретте жылыжайлар санын арттыруға да басымдық берілмек.

Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді тиімді жобаларға бағыттау барысын талқылап, аудан басшысына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Облыс басшысы Келес ауданына жасаған сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіндегі «Қызыләскер» қосалқы станциясының жұмысымен танысты. Қосалқы станциядан облыстағы 5 аудан электр қуатын алады деп жоспарланған. Жоба бойынша 4 дана қуатты автотрансформатор орнатылып, 72,2 шақырымға жоғары кернеулі ВЛ-220 кВ электр желісі тартылуда. Аталған жұмыстардың дені бүгінгі таңда аяқталып, жоба іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

Ордабасы: Жылқы шаруашылығын жандандырып отыр

Кәсіпкерлік еңбектің басқа түр­лерінен оқшауланып тұрады. Атақты неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» деген сөзі соның айғағындай. Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам кәсібін дөңгеленте алады. Сондай жанның бірі  Ордабасылық Қанат Мусаев.  Кәсіпкерлік – жаңашыл іс, ша­р­уашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше үлгісі дер едік. Кәсіпкерліктің жолы тақтайдан тегіс болмайтыны да бесенеден белгілі. Өз кәсібін дөңгелетудегі қиындықтардың бірі бұл қаржы екені сөзсіз. Мұндайда кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың көмекке келетіні бар.  Ордабасы ауданына қарасты Берген ауылының тұрғыны Мусаев Канат Шалданбайұлы өз кәсібін дөңгелету үшін сондай мүмкіндіктердің бірін пайдаланды. Ол аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінді. Осылайша орталықтың қызмет көрсетуімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан несиеге қол жеткізіп, несие қаражатына 14 саумалы бие сатып алған.  Кәсіпкердің мақсаты жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өзінің үлесін қосу.Несие мерзімі - 10 жыл. Жылдық сыйақысы - 17%. Субсидия қарастырылған. Негізгі борыш бойынша 2 жыл, ал сыйақы бойынша 12 ай жеңілдік мерзімі тағы бар.

 

 

 

 

КЕЛЕСТІК 300-ДЕН АСА КӘСІПКЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Түркістан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Келес аудандық филиалы өткен жылы қаржы тапшылығынан кәсіп аша алмай жүрген 300-ден астам кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Сонымен қатар, 40 азаматқа нақты қызмет көрсетілген.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Келес аудандық филиалының директоры Еркебұлан Маденовтың айтуынша, кәсіпкерлерге дер кезінде қажетті көмектер беріліп келеді.

- Өз бизнес жоспарымен келген кәсіпкер немесе кәсібін бастағалы жүрген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдауларды таныстырып, тиісті қаржы мекемелеріне бағыттадық. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Атамекен-Түркістан» микроқаржылық ұйымынан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыған 3 тәлімгерге 11,6 млн теңге, «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ мекемесі арқылы 27 млн теңге, сондай-ақ «Ырыс» МҚҰ-нан 108 млн теңге көлемінде несие алуға құжаттар пакетін дайындауға көмектестік, - деді филиал директоры.

Созақта 1940 кәсіпкерге кеңес беріліпі, құжаттары құнтталған

ТүркістаноблысыКәсіпкерлерПалатасыСозақаудандықфилиалының 2022 жылындаатқарылғанжұмыстарытуралы  мамандары мәлім етті.

Ауданкөлеміндежылбасынанбері 226 жаңакәсіпкерліксубектілеріашылып, жалпысаны 3000-ғажеткен. Оныңішінде 275 жауапкершілігішектеулісеріктестік, 910 шаруақожалықтары, 1815 шағынжәнеортакәсіпкерліксубектілеріболыптабылады. Бізбұлкәсіпкерліксуъбектілерініңкезкелгенінебухгалтерлікжәнесалықтықесептерінжүргізу, заңгерлік, қаржыландырубойыншатолықсүйемелдеу, кеңестерберубойыншатегінқызметтеркөрсетіпкелеміз.

КәсіпкерлерпалатасыСозақаудандықфилиалыныңкеңесші-менеджерлерімен 1940 кәсіпкерлерменжекеазаматтарғабухгалтерлік, салықтық, статистикалықесептіліктіжүргізу, бизнес-жоспаржасау, заңгерлікқызметтеркөрсету, жекетұлғаларғакәсіпкерлікашу, малбасынкөбейтубойыншанесиеалуға, субсидиябойыншакеңестерберіліпқұжаттардайындауғакөмектеркөрсетілді.

Жобалардысүйемелдеужұмыстарыбойыншажылбасынан «Атамекен-Түркістан» МҚҰбойынша 3 жоба, «Агрорлықнесиекорпорациясы» АҚ -27 жобаЫРЫС» МҚҰ-20 жобаКөктемгідалажұмыстарына-6 жобаегінегужұмыстарынақұжаттарырәсімделіп, жалпы 255 млн. теңгеніқұрады.

Аудандабірнешедүкендерментамақтанатынорындар, әсемдіксалон, тігінсаласыорындарыашылды.

АуданпрокуратурасыжәнеКеңесмүшелері,

« Іскерәйелдер» кеңесіосығанұқсастағыдабасқамекемелерменалуантүрлітақырыптакәсіпкелердіңқұқықтарынқорғаубойыншасеминарлар, кездесулер, дөңгелекүстелдерөткізілді. Жылбойыауылдықокругтіаралап, кәсіпкерлергемемлекеттікбағдарламалар, қолдауларбойыншакеңестерберіліпкелді.

Түркістан: Агроөнеркәсіптік кешенінің оң жұмыстары

Агроөнеркәсіп кешені бөліміне 2022 жылы 68 өтініш келіп түскен, оның ішінде 65 өтініш оң шешімін тапты. «Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі Комитетінің» кезекті 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе көтеріліп, 10 сұрақ оң шешімін тапқан.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес арнайы комиссияның субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушінің инфрақұрылымына қорытынды алу бойынша 30 өтініш келіп түсті. Аталған шаруашылықтарды салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша арнайы құрылған комиссия 28 кәсіпкерге оң қорытынды беріп, 2 өтінішке заң талаптарына сәйкес келмегендіктен теріс қорытынды берді.

Сонымен қатар көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген дизель отынының таратылуы бойынша шаруаларға барлығы 196 000 тонна жеңілдетілген дизель отыны таратылды.

Көктемгі дала жұмыстарына 47,9 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны (жақын аудандарға 193 теңгеден, алыс аудандарға 195 теңгеден), күзгі дала жұмыстарына 48 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны таратылды(жақын аудандарға 200 теңгеден, алыс аудандарға 202 теңгеден).

Инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бойынша 6,3 млрд. Мал шаруашылығы өнімділігінің сапасын жақсартуды субсидиялауға 8,1 млрд, өсімдік шаруашылығында тыңайтқыштарды субсидиялауға 6,1 млрд қаражат бөлініп толығымен игерілді.

Палатаға келіп түскен «Бейбарыс-Б» ЖШС-ның өтініші бойынша шет елдерге ірі-қара мал, уақ мал терісін экспортқа шығаруда ветеринариялық қадағалау департаментінен асколизация зерттеуінен өтуі тиіс болған. Алайда, бұл зерттеуді іске асыру үшін арнайы сарысу (сывортка) қажет. Сарысу тапшылығы кесірінен мал терілері асколизация зерттеуінен өте алмаған. Мәселені шешу үшін «Агроөнеркәсіп кешені» бөлімінің эксперттері Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесіп Ресей Федерациясынан сарысу алдыртып, мәселе оң шешімін тапқан.