Сенбі, 07 Қараша 2020 22:39

Түркістан: Ерекше білім беруді қажет ететін 500-ден астам бала қашықтан білім алуда

Балалардың әрқайсысы планшетпен қамтамасыз етілген.Түркістанда ерекше білім беруді қажет ететін 500-ден астам бала қашықтан білім алуда. Бұл туралы  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан облысында ерекше білім беруді талап ететін балаларға 7 арнайы мектеп қызмет көрсетеді.Оның ішінде зерде бұзылыстары бар балаларға 3 мектеп-интернаты, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 және сөйлеу қабілеті нашар оқушыларға арналған 3 білім ұясы бар.

Аталған мектеп- интернеттарында жалпы 1377 бала білім алуда. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, барлық мекемелер психологиялық-педагогикалық түзету көмегімен қамтылған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты балалардың 500-ден астамы қашықтықтан білім  алуда. Әрқайсысы планшетпен қамтамасыз етілген.

Мектеп-интернаттары халық арасында сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалса, санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 548 рет