Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 22:53

Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

Төлеби ауданында биыл 2 білім ошағы оқушыларға өз есігін ашады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде. Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ғимараттардың құрылысы былтыр басталған.

Айта кетерлігі, ауданда тағы 4 мектептің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, 1 мектептің құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Ал, Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 424 рет