Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 21:01

Ордабасы ауданында 287 маман жастар тағылымдамасынан өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында өткен жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 72 жас кәсіпкер 200 АЕК (556 000 теңге) грант иеленіп, кәсіптерін бастады,-деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауылшаруашылығы  мақсатында – 9 азамат несие алуға жолдама алды. «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы мал шаруашылығын дамытуға - 3 жас кәсіпкер, қарапайым заттар экономикасын дамытуға - 6 жас кәсіпкер несие алған (қой басын көбейтуге – 10,0 млн, ірі қара мал санын көбейтуге 30,0 млн, жылқы санын көбейтуге -21,0 млн, қарапайым заттар экономикасы - 30,0 млн).

Сонымен қатар, былтыр 660 жас маман жұмысқа орналасып, 52 жұмыссыз жас әлеуметтік жұмысқа тартылды. 287 жас маман жастар тағылымдамасынан өтті.

"Мәңгілік ел жастары-индустрияға» жобасын іске асыру барысында «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы ауданнан солтүстік және шығыс өңірлеріндегі жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына мектеп бітіруші 29 түлек жолданды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 383 рет