Бейсенбі, 01 Сәуір 2021 22:09

Шымкент қаласы дарын орталығының ұйымдастыруымен ғылыми жобалар бойынша семинар өтті

Шымкент қаласы «Дарын» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы, бүгін 30 наурыз, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры Орынбеков Арман Шымбайұлымен және әртүрлі пән мұғалімдерінен құралған шығармашылық топқа семинар өткізді.

Семинар барысында:

- ғылыми жобалар конкурстарының ерекшеліктері, зерттеу жұмыстарын жазуда, рәсiмдеуге қойылатын талаптары;

- «Елбасы медалі» жобасының мақсаты және негізгі 7 бағыты;

- «Qabilet» жобасы;

- Шымкент қаласы Дарын орталығының 2021 жылға арналған жылдық жоспарымен таныстырылды.

Семинар барысында аудиториямен кері байланыс жүргізіліп, әртүрлі пән мұғалімдерінен құралған шығармашылық топқа ғылыми кеңестер айтылды.

Семинардың мақсаты - жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми зерттеу жұмыстарының жазылу қағидаларын түсіндіру, «Елбасы медалі» жобасының маңыздылығы, «Дарын» орталығының жұмыс жоспарынан хабардар ету.

Семинарда ғылыми жұмыстың жалпы ережесі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдалуы, жазылу тәртібі, ғылыми жұмысты рәсімделу тәртібі және жұмыстың қорғалуы және «Елбасы медалі» жобасы туралы толық түсіндірілді.

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының әртүрлі пән мұғалімдерінен құралған топ жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми зерттеу жұмыстарының жазылу қағидалары туралы маңызды әрі толық ақпарат алғандарын айтып, Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызына өз алғыстарын білдірді.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 562 рет