Бейсенбі, 10 Маусым 2021 21:06

Шымкент: Жазғы мектептерде 121 мыңнан аса оқушы білім алуда

Жазғы мектептерде бастауыш сыныптары мен 6, 7, 8 және 9, 10 сынып оқушылары білім алып жатыр.

Жазғы мектеп жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылуда. Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізеді.

Ашық аспан астында түрлі спорттық шараларға қатысып, дене шынықтырады. Жазғы мектепте оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына бар жағдай жасаған.

Айта кетейік, 26 мамырда басталған жазғы мектеп 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жазғы мектептің мақсаты оқу, шығармашылық және ойын іс-әрекеттері арқылы тілдік және академиялық дағдыларды дамыту болып табылады.

Сабақтар 10 адамға дейін топтарда немесе жекелей жүргізіледі.
Іскерлік ойындарға, эксперименттерге және тренингтерге қатысуды қосатын интерактивті сабақтарға үлкен көңіл бөлінеді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 981 рет