Бейсенбі, 22 Шілде 2021 15:08

Түркістан: Түлкібас ауданында екі жаңа мектептің құрылысы басталды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында екі жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түлкібас ауданының орталығы мен Машат ауылдық округі тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелер қолға алына бастады. Атап айтқанда, аудан орталығының үстіңгі бөлігінен жаңа мектептің қажеттілігі және Еңбекші ауылындағы тозығы жеткен мектептің орнына жаңа білім мекемесін соғу болатын. Бұл мәселені аудан әкімі кезек күттірмейтін мәселелер қатарына қосып, биыл облыс әкімдігінің қолдауымен құрылыс жұмыстары бастау алды.

Қос білім ордасының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында бастау алған. Типтік ғимараттар заманауи үлгіде соғылып, ішінде оқушылардың сапалы білім алып, спортпен де шұғылдануына қажетті нысандар орын таппақ. Аумағы да мердігер мекеме тарапынан толық абаттандырылады. Қос ғимараттың құрылысын конкурстан жеңімпаз атанған «Агроспецмонтаж» ЖШС жүргізуде. Тапсырыс беруші Түркістан облысы әкімдігінің Құрылыс басқармасы.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 568 рет