Сенбі, 10 Қазан 2020 13:23

Шымкент: 87 – театр маусымының ашылуы өтті

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, 7,8,9 – қазан күндері сағат 18.30 да жаңа жігер, ыстық ықыласпен көптен күткен 87 – театр маусымы ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Театр ұжымы карантин режимі мен санитарлық талаптарды сақтай отырып, маусымының ашылуына арналған «Аманат» толғауының премьерасын ұсынбақ!

Мыңжылдықтың бесінші ғасырынан тарих сахнасына шыққан көкті тітіреткен түрк қағанаты кезеңінде Тұран даласындағы Отырардан алыстағы Шам шаһарына білім іздеп "Шығыстың жеті жұлдызының" бастауына айналған Әбу Насыр әл-Фарабидің жаһұт ойлары сахна төрінде ой толғайды. Бытыраған қазақтың басын біріктіріп, Қазақ хандығының іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандар, ұлт болашағы үшін тебіренген Абайдың дана ойлары актерлік ойын мен би ырғағымен өрнектеле еркеше көрініске айналады. Бабалардың күрес жолын бүгінгі жарқын күнмен ұштастыратын этно-композициялық толғау көрерменге ғасырлар қойнауынан сыр тартады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 728 рет