Сейсенбі, 23 Наурыз 2021 21:47

Шымкент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған әдеби шығармалар байқауының жеңмпаздары марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімінің қолдауымен, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында әдеби шығармалар конкурсы өткізілді.

Байқаудың салтанатты марапаттау шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері келіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Конкурстың іріктеу кезеңінде, яғни 2021 жылдың 5-20 наурыз аралығында үміткерлердің туындылары қабылданды.

Нәтижесінде, "Қазақиям - азат ұям" атты жыр мүшәйрасының поэзия аталымы бойынша арнайы жүлде қоры былай бөлінді:

1 орын Арайлым Мұратәлиеваға – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

2 орын Әлімжан Әлішерге – 300 000 (үш жүз мың) теңге.

3 орын Ақбота Бейбітбекке – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Ынталандыру сыйлығы – 100 000 (жүз мың) теңгеден үш ақынға Бауыржан Ерман, Біржан Байтуов, Сезім Мергенбайға берілді.

"Өркендей бер, өр Елім" атты әдеби шығармалар байқауының проза аталымы бойынша бәйгеден қара үзгендер мыналар:

1 орынға лайық шығарма жоқ деп ұйғарылды. Сол орынға бөлінген сыйақы 8 ынталандыру сыйлығына бөлінді.

2 орын Камила Тілепованың «Жолайрық» әңгімесіне – 300 000 (үш жүз мың) теңге.

3 орын Захардин Қыстаубайұлының «Егіздің сыңары» драмасына – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Ынталандыру сыйлықтары:

Қайырғали Медеттің «Болашақтың алтын кілті» драмасы,

Тұңғышбай Төрегелдиевтің «Ергешбай» әңгімесі;

Ұлжан Дәуренбекқызының «Көксарайдың Рақышы» деректі әңгімесі; Жеңіскүл Ыбрайымованың «Соңғы үміт» әңгімесі;

Жәмилә Мамырәлінің «Америкадан келген күйеу бала» әңгімесі;

Әзімхан Исабектің «Тұрағұл Абайұлы және Тәуелсіздік» деректі әңгімесі;

Елнұр Қайратұлының «Құпия үңгір» әңгімесі,

Салтанат Айдарбекованың «Көкқасқа» әңгімесіне – 100 000 (жүз мың) теңгеден берілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, аталған іс-шара карантин талаптарына сәйкес барлық санитарлық ережелері сақталып өткізілді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 644 рет