Сенбі, 07 Тамыз 2021 13:42

Түркістан қаласының әкімі құрылысшыларды мерекемен құттықтады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тамыз айының әр екінші аптасында аталып өтетін "Құрылысшылар күнімен" сала қызметкерлерін құттықтады.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шаһар басшысы өз сөзінде: "Сіздердей мамандардың арқасында қаламыз күн сайын көркейіп, дамып келеді. Тарихи шаһардың шығыстық үлгідегі кескін-келбеті келуші азаматтарды таңырқатып жатқан болса, қағазға түскен жобаны сапалы түрде жүзеге асыру - Сіздердің еңбектеріңіз. Облыс орталығын жандандырудағы жанашыр істеріңіз берекесін берсін", - дей келе, қалада құрылыс саласында қызмет көрсетіп жүрген мердігер мекемелерге де алғыс білдіріп, сый-сияпат тапсырды.

Жалпы, марапатқа ие болғандар қатарында "Ақжол", "Bazis construction” "Mataibekov architects”, “Феб строй", "Inter Construction”, “Ныш-Ер", "Темир и К", "Тамыз Құрылыс ББК" сынды жалпы 50-ге жуық мердігер мекеме бар.

Айта кету керек, құрылысшылардың кәсіби айшықты мерекесі біздің елде 1998 жылдан бері аталып өтуде. Сәйкесінше, қоғамда құрылысшыларға деген құрмет те жыл өткен сайын артып келеді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 475 рет