Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында тәуелсіздікке арналған ән байқауы өтті

Қазығұрт ауданындағы «Өнер» мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан»өнер фестивалі аясында балалар мен жасөспірімдер арасында ән орындаушылар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын балаларға, өскелең ұрпаққа кеңінен түсіндіру арқылы қазақ халқының, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу, мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық тақырыптағы жаңа классикалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттау, классикалық әндерді өз нақышында орындау, сондай-ақ жас талант иелерін анықтау. 

Түркістан қаласындағы көптің көңілін күпті еткен нысан бұзылды

Көпшіліктің көңілін күпті еткен Түркістандағы «Шаңырақ» монументі бұзылды. Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде жұрттың талқысына түскен бұл нысанды, әсіресе, «Фейсбук» белсенділері иісі қазақ қасиет тұтқан шаңырақтың төңкерілуін жаман ырымға балаған болатын. 

Жетісай қаласының 50 жылдығына арналған облыстық жайдарман ойындары өтті

Жүлде қоры 600 мың теңгені құрайтын Жетісай қаласының 50 жылдығына арналған жайдарман ойындарында Түркістан облысының азулы командалары бас қосты. Жетісай қаласы әкімдігі мен «NurOtan» партиясы Жетісай аудандық филиалы, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында жайдарманшылар бас қосты.

Түркістан облысы: Созақтық зағип өнерпаздар жүлдемен оралды

Әрбір азаматтың қоғамда қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, интелектуалдық, шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, өнерлерін насихаттап, танытып, өмірге құлшынысын арттыру мақсатында Түркістан облысы және Шымкент қаласының зағип оқырмандары арасында "Шарықта, шалқар шабытым!" атты өңірлік фестиваль өтті. Фестивальге Созақ ауданына аттанған өнерлі топ мүшелері жақсы дайындықпен барғандарын паш етіп, жүлделі орындардан көрінді. 

В Шымкенте прошел фестиваль «Шарықта, шалқар шабытым!»

В филармонии имени Ш.Калдаякова состоялся фестиваль «Шарықта, шалқар шабытым!». В фестивале приняли участие слабовидящие и незрячие люди. В мероприятии, проведенном в рамках реализации статей Елбасы «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» и «Семь граней Великой степи» принял участие аким города Ерлан Айтаханов. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында мәуліт мерекесі аталып өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде мұсылман баласы үшін шаттық пен қуанышқа толы Мәуліт мерекесі аталып өтті. Рухани кешке Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы Бейсенбаев және ауыл мешіттерінің имамдары мен тұрғындары қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының әкімі "Күз аруы-2019" байқауының жүлдегерлерін марапаттады

Қазақы қаймағы бұзылмаған Мақтаарал ауданындағы «Ақ Алтын» мәдениет үйінде аудандық «Күз аруы-2019» байқауы өтті. Байқаудың жеңімпаздарын аудан әкімі Бақыт Асанов марапаттады. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында түрік диаспорасы өкілдері өмірден өткен жандарды еске алды

Бүгінде еліміз көпұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай ұлт пен ұлыстың өз отанына айналып отыр. Солардың бірі – түрік халқы. Көк туымыздың астында ынтымақ-бірлікте, сыйластықта өмір сүріп жатқанына 75 жыл толғалы отыр.