Түркістан облысы: Отырар ауданы халқы облыс әкімдігінің бастамасымен өткен жалпыхалықтық сенбілікке қатысты

Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке 16 аудан мен қала халқы да атсалысып, өздері жауапты болған сектор аумақтарына көшеттер екті. 

"Шымкент – мәдени астана" экспедициясы тарихи орындарды аралады

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы мен "Серпіліс" қоғамдық қорының бастамасымен "Шымкент – мәдени астана" деп аталатын экспедиция қала аумағындағы киелі орындар мен тарихи, сәулет ескерткіштерді аралады. 

Шымкентте 2020 жылы этноауыл бой көтереді

Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы дәрежесін 9 желтоқсанда Белоруссияның Брест қаласынан салтанатты түрде қабылдап алады. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.а. Ғалия Шарафиева БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Шымкент: Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен халықаралық жайдарман күніне арналған ойын өтті

Үшінші мегаполистегі қалалық жастар ресурстық орталығында 8 қараша – халықаралық жайдарманшылар күніне орай маусымдық ойынның жартылай финалы өтті. Жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойындар нәтижесінде республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтары дайындалады.