Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 16:07

Шымкентте «Жырым сенсің, туған жер!» онлайн өнер байқауы жалғасып жатыр

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Байқаудың мақсаты - дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттарды өнерге баулу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану. 

Байқаудың өткізу тәртібі мен шарттары мынадай:

Байқау 3 (үш) номинация бойынша өтеді: - эстрадалық вокал (7-15 жас); - аспапта орындаушылар (7-15 жас); - поэзия (10-17 жас).

Байқауға қатысушы өнерпаздардың ұлтына шектеу қойылмайды.

Байқаудың қойылатын негізгі талаптары:

"Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша қатысушылар эстрада жанрында 2 ән орындайды. Бірінші кезеңде міндетті түрде Шәмші Қалдаяқовтың әні болуы керек. Екінші кезеңде – еркін тақырып. Ән жанды дауыста айтылуы қажет.

"Аспапта орындаушылар" номинациясы бойынша бірінші кезеңде қазақ композиторларының, екінші кезеңде еркін тақырыпта шығарма орындайды (домбыра, саксафон, қобыз, пианино, аккордеон, скрипка, т.б).

"Поэзия" номинациясы бойынша бірінші кезеңде Әл-Фарибидің немесе Абай Құнанбаевтың бір өлеңін мәнерлеп оқу, екінші кезеңде – еркін тақырыпта поэзиядан үзінді.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Әр номинация бойынша: "Бас жүлде" - 80 000 тг, 1-орын - 50 000 тг, 2-орын - 30 000 тг, 3-орын - 20 000 тг.

Өнерпаздар талаптар мен шарттарға сай сапалы бейнежазбаны +7 747 295 80 65 WhatsApp нөміріне жолдауы тиіс. Сонымен қатар инстаграмнан @shymkent_madeniet_ baskarmasi әлеуметтік парақшасын және #Жырым сенсің, туған жер! хэштегін белгілеп сапалы бейнежазба салуы қажет. Байқауға қатысатын үміткерлер бейнежазбаны 24 сәуірге дейін жолдауы тиіс. Байқаудың жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1069 рет
Super User

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Super User

© 2020, "AQ-QARA.KZ" ақпараттық агенттігі

Директор-бас редактор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Байланыс телефоны: +77025361474

E-mail: dauren-tm@mail.ru


Пайдаланушылық келісім