Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Жұма, 21 Тамыз 2020 19:36

Солтүстіктен келген БАҚ өкілдері Шымкенттің туристік нысандарын аралады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Шымкент қаласының туристік нысандарына қызығушылық күннен күнге артуда. Бұл жолы Шымқалаға туристік мақсатта солтүстік өңірден бір топ БАҚ өкілдері келді.

Олардың қатарында Қостанай мен Павлодар облысынан келген журналист, блогерлер бар, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

БАҚ өкілдері үшін бұл саяхатты «Fly Arystan» әуе компаниясының қолдауымен Шымкент қаласының туризм басқармасы ұйымдастырды. Өзге өңірден келген қонақтар «Қылует» этнографикалық мұражайына, ұлттық өнерді дәріптеген Бейсбековтер отбасының сурет көрмесіне, ескі қалашық Цитадельге, сондай-ақ Арбат, этноауыл, Бәйдібек би ескерткіші секілді танымдық орындар мен көрікті жерлерді аралады.

Мұнан соң теріскейлік әріптестер қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өткен конференцияға қатысты.

«Шымкент — Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне шаһар. Ол бүкіл оңтүстік өңір үшін туристік орталық бола алады. Себебі мұндағы климаттың алуан түрлілігі, Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд секілді ірі тарихи қалалардың жанында сәтті орналасуы қаладағы туризмнің дамуына өз үлесін қосады» — деді конференцияда Мақсұт Исахов.

Өз кезегінде турист-журналистер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

Оқылды 826 рет
Super User

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Super User

© 2020, "AQ-QARA.KZ" ақпараттық агенттігі

Директор-бас редактор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Байланыс телефоны: +77025361474

E-mail: dauren-tm@mail.ru


Пайдаланушылық келісім