Жұма, 28 Мамыр 2021 14:10

Түркістан: 2023 жылы Британдық ұйым Ясауи еңбегі жайлы кітап шығарады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Eurasian creative guild (ECG), (London) ұйымы Түркістан қаласында бір ай ішінде жеке офисін ашып, Қ. А. Ясауидің еңбектеріне аударма жасайды.

Бұл жөнінде Рашид Абатұлы өкілдермен меморандумға қол қою барысында мәлім етті.

Келісім аясында ECG (London) ұйымының филиалын ашып, Қазақстанның рухани астанасы ретінде Түркістан қаласының даму жолы суреттелетін кітап баспасын ашу жоспарлануда.

Британдық Hertfordshire Press баспасы (Ұлыбритания) Түркістанды Қазақстанның рухани астанасы ретінде насихаттауға бағытталған кітаптарын шығарып, сондай-ақ 2022 жылы Қ. А. Ясауидің 930 жылдығына арналған Voices of Friends: Poetry and Art жиынтығын ұсынбақ. Сонымен қатар, компания өкілдері музыкалық, театрлық және әдеби фестивальдар өткізуді жоспарлауда. Ал, әр жылда кітап баспасын жасап, құнды еңбектерді жарыққа шығаратын компания 2023 жылы шығатын баспаны Қ. А. Ясауиға арнамақ ниетте.

Айта кетейік, Eurasian creative guild (ECG), (London) 2015 жылы құрылған. Бұл өнердің барлық салалары мен түрлерінің шығармашыл жандарын біріктіретін, көптеген қызмет түрлерін қамтитын және қызықтырған тақырыбын талқылауға арналған алаң ретінде қызмет ететін кәсіпқойларға арналған орын. Ол бүкіл әлемнің ондаған мәдениет қайраткерлерін біріктірді және жазушылар, музыканттар, бишілер, иллюстраторлар, графикалық дизайнерлер, мүсіншілер, ақындар, сондай-ақ, өзін шығармашылық адаммын деп санайтын кез-келген адамның бірлестігі ретінде құрылды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 641 рет