Сейсенбі, 15 Маусым 2021 08:51

Бәйдібек: Аудан әкімі облыстың Бас имамы Еркебұлан Қарақұловты қабылдады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Бәйдібек ауданына іс-сапармен Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов келіп, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің қабылдауында болды.

Қабылдауда аудан әкімі облыс имамымен аудандағы діни ахул туралы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сөйлесіп, бірқатар жоспарлармен бөлісті.

Қабылдаудан кейін облыс имамы аудандық орталық кітапханада болып, аталған кітапхана ұжымымен кездесті. Аудандық орталық кітапхананың басшысы Айгүл Молдабекова кітапхананың атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.

Сонымен қатар облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов аудандық спорт кешінде болып, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен және жаттықтырушы ұстаздарымен кездесті.

Кездесуде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ордабек Шубаев аудандағы спорт саласындағы жеткен жетістіктермен, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ Еркебұлан Қарақұлов аудандық жастар сарайында «Зияткер имам» атты ауыл имамдар форумына қатысты. Аталған форумға аудандағы барлық ауылдық округтердегі имамдар, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер және жастар қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, пікір алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 255 рет