Жұма, 18 Маусым 2021 18:04

Түркістанда «Darhan Dala Trave» кеңсесі ашылады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын жүзеге асырмақ.

Жоба мақсаты – Түркістан қаласына, басқа да тарихи, киелі орындарға саяхат ұйымдастыру. Отандық туризмді дамытуға үлес қосуды көздейтін жобаны ҚМДБ жанындағы «Darhan Dala Travel» турагенттігі жүзеге асырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға назар аударды. Киелі орындарға зиярат жасау рәсімдері кезінде шариғат талаптары сақтала бермейтіні белгілі. Діни басқарма осы мәселеге назар аударып, өткен жылы имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдады. Сапар барысында имамдар зиярат жасау мәдениеті мен әдебін түсіндіріп, тиісті насихат жұмыстарын жүргізеді»,-деді Бас мүфти.

Түркістанның туристік әлеуеті ескеріліп, шаһардан «Darhan Dala Travel» кеңсесінің ашылуы жоспарлануда. Тур фирманың жанынан арнайы Ислам ғұламаларының сарапшылар тобы құрылады. Дін өкілдері шариғат тұрғысынан сауалдарға жауап беруге қолдау көрсететін болады. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 603 рет