Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 2950 ПӘТЕРЛІ 73 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 112,2 млрд. теңгеге 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 119 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 12 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» брифингте айтылды.

Брифинг барысында ағымдағы жылдың 3 айында құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы сөз болды.

«Бүгінгі таңда құрылыс жүргізіліп жатқан 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үйден (239,0 мың шаршы метр) 180 пәтерлі 2 үй (14 мың шаршы метр) пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 2 490 пәтерлі 64 үй жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады» деді Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев.

Атап айтқанда:

- 73 көпқабатты тұрғын үй (2 950 пәтер, 239,0 мың шаршы метр) /66 тапсырылады, 2 670 пәтер, 207,6 мың шаршы метр/;

- 12 инженерлік инфрақұрылым жүйелері /11 тапсырылады/;

- 11 білім нысандары /10 тапсырылады/;

- 4 мәдениет /4 тапсырылады/;

- 2 спорт /2 тапсырылады/;

- 3 төтенше жағдай /1 тапсырылады/;

- 1264 пәтер сатып алу /900 пәтер жастарға, 364 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына/;

- 2 саябақ /1 тапсырылады/;

- 1 әлеуметтік нысан

- 2 ауылшараушылық /2 тапсырылады/;

- 1 қарулы күштер /1 тапсырылады/;

- 3 мемлекеттік органдар /2 тапсырылады/;

18 жайлы мектеп /12 тапсырылады/.

 

Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылдың 1-тоқсанында 10 382 пәтерден 128 кемшілік анықталып, оның 118-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қайта қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері басқарма тарапынан келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 0,5 млн. теңге айыппұл салынып, өндірілген.

Басқарма басшысы Олжас Пердабайұлы әлеуметтік құрылыс нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Қазіргі таңда, қала аумағында басқарманың тапсырысымен 11 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 6 нысан жаңадан салынуда, 5 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

 

 

 

ШЫМКЕНТТЕ 1368 МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Шымкент қаласында биыл Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 1368 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінге дейін орындалғаны - 421. Бұл үшін жұмыс берушілерге арнайы квота бекітіліп, мекемлерде жұмысшы санына қарай 2- 4 пайыз мөлшері аралығында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс.

Бүгін «АМАНАТ» партиясының әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту жөнінде сайлауалды бағдарламасының іске асуын бақылау үшін Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Алина Дубинина партиялық бақылау жүргізді. Алдымен Шымкент қалалық перзентханада болған партиялықтар осында арнайы квота негізінде жұмысқа қабылданған Эльмира Затыбекова және Әсел Медеубаевамен тілдесті.

Жуырда ғана жумысқа орналасқан жандар ризашылығын жеткізіп, бүгінгі жұмыс орны мен төленетін айлық жалақысына көңілі толатынын айтты.

Мұнан кейін бақылаушы топ Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде болды. Аталған мекеме жыл басынан бері 2 мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдап отыр. Бірі – аула сыпырушысы, бірі – мектеп күзетшісі. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының айтуынша, екі азамат та өз ісіне жауапты, жүктелген міндетін ұқыпты орындайды екен.

–Біздің мектепте екі техникалық қызметкерден бөлек, 7 мүгедектігі бар мұғалім қызмет атқарады. Олардың атқарған қызметіне көңіліміз толады. Өз жұмысын аса ұқыпты орындауымен өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп отыр, –деді №7 IT мектеп-лицейінің бас ұстазы.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына қатысқан мүгедектігі бар азаматтардың 13-і жастар практикасы бағдарламасымен, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында – 5, қоғамдық жұмыс – 97, алғашқы жұмыс орны – 19, «Күміс жас» - 32 және өзге де бос жұмыс орындарына 168 адам жолданса, «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 87 адам білімін жетілдірді.

ШЫМКЕНТ: ЕNBEK.KZ ПОРТАЛЫНДА 1352 БОС ЖҰМЫС ОРНЫН ҰСЫНҒАН


Жарияланған жұмыс орындарының ең көбі Әл-Фараби ауданында орналасқан. Қазір аудандағы жұмыс берушілер 188 орнын ұсынып отыр. Одан кейінгі 84 бос жұмыс орнымен Қаратау болса, Абай ауданында – 79, Еңбекші ауданында – 78 және Тұран ауданында 69 бос жұмыс орын бар.

Жарияланған бос жұмыс орындарының айлық жалақысы 85 мың теңгеден 500 мың теңге аралығында. Қазіргі сәтте жұмыс берушілер тарапынан медицина және фармацевтика саласына сұраныс жоғары. Осы бағыт бойынша 106 орын бар. Еңбекақысы – орта білімді мамандар үшін 85 000-200 000 аралығында болса, дәрігерлер мен медициналық мекеме басшылығы қызметі үшін 120 000- 600 000 мың теңгеге дейін төленетіні көрсетілген.

Кейінгі орында білім беруді дамыту саласы тұр. Аталған саладағы біліктілігі жоқ, яғни мекеме тазалығына жауапты қызметкерлерге 85 000-100 000, ал мектепте пән мұғалімдеріне 137 000-362 000 теңге аралығында төленетіні көрсетілген.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 5 жұмыс орны жарияланып, жұмыс берушілер 85 000-150 000 теңгеге дейін айлық жалақы тағайындап отыр.

Жұмыс берушілер жас мамандарға да жақсы еңбекақы төлейтін жұмыс орындарын ұсынып отыр. Порталда бұл бағыт бойынша 29 хабарламаға 85 жос жұмыс орнын ұсынып, айлық жалақысын 100 000- 500 000 теңге аралығында екенін көрсеткен. Жұмыс орындарының басым бөлігі қызмет көрсету мен техникалық мамандықтарға тиесілі.

Порталда мүгедектігі бар азаматтарға да бос жұмыс орындары қарастырылған. 9 хабарламаға 48 бос жұмыс орны жарияланып, 85 000-157 000 теңге аралығында еңбекақы төленетінін көруге болады. Саласына тоқталар болсақ, сатушы-кеңесші, 1С программисі, графикалық дизайнер, спорт жаттықтырушы-оқытушысы, Call-орталығының операторы, заңгердің көмекшісі секілді орындар бар.

Ұсынылған жұмыс орындарының саны үнемі өзгеріп отырады.

ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ДА ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы «Шым қала» тарихи-мәдени орынында 300-ден астам қала тұрғындары мен белсенді жастардың, тарихшылар мен этногрофтардың және өнер саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

#TazaShym акциясында 30 м3 қоқыс шығарылып, 5 га тарихи-мәдени орын аумағының шөптері орылды. Аумақтағы 5 км аяқжолдар мен арық-атыздар тазаланды.

Сондай-ақ өнер майталмандары мен белсенді жастар көңілді күймен іс шараның көркін қызықтырып, Шымкент қаласының тарихы туралы ой бөлісіп, жастарға ғибратты насихат жүргізілді.

Тазалық акциясына қатысқан тарихшы-шежіреші, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі М.Әбдіәкім тарихи орындарды күтіп ұстау, оны келер ұрпаққа аманаттау ертеңгі жас ұрпаққа қалдырған мол мұра екенін, жастарды қаламызды таза ұстауға шақырса, белсенді жас Д.Ерханова қаламыздың тазалағын сақтау әрбір қала тұрғындарының міндеті екенін, тазалық денсаулық кепілі екенін жеткізіп, барша жастарды қаламызды таза ұстауға шақырды.

Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

 

Осы RSS каналға жазылу