Бейсенбі, 08 Қараша 2018 14:40

Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы болып өтті

2018 жылдың 7 қарашасында Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының отырысы болып өтті. Аталмыш жиынды комиссия төрағасы Келес ауданының әкімі А.Есбаев жүргізіп отырды.

Жиынның күн тәртібінде Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жастар және орта білім беру ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында сөз болды.

Жиынға Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл басқармасы басшысы Е.Жүнісов, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Келес аудандық бөлімі басшысы М.Абдулла, Сарыағаш аудандық әділет басқармасы басшысы С.Байдүйсен сондай-ақ аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері қатысты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1599 рет