Бейсенбі, 08 Қараша 2018 17:08

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде бірлескен отырыс өтті

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев пен аудан прокурорының төрағалығымен ағымдағы жылдың 9 айында қылмыстық жағдай мен олардың алдын алу бойынша іс-шаралар туралы мекемеаралық жиналыс өткізілді. Аталған жиынға ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдары және мемлекеттік емес ұйымдар қатысты. 

Мекемеараралық жиналыста қылмыстылықпен, оның ішінде жекелеген түрлері, яғни ұрлық, алаяқтық, бұзақылық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар және сол сияқты басқа теріс көріністермен күресу, алдын алу және болдырмау жолдары талқыланды. Жиналыстың маңыздылығы халықтың қауіпсіздігі мен оларға деген қолсұғушылыққа жол бермеу, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау құқық қорғау органдары үшін негізгі міндеттердің бірі екендігімен сипатталады. Жиналыстың қорытындысында құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1777 рет