Сәрсенбі, 09 Маусым 2021 11:22

Шымкент: Заңсыз орналасқан 9 дүңгіршек орнынан алынды

Шымкентте заңсыз орналасқан 9 дүңгіршек орнынан алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан аумағында 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді. Кезекті тексеру барысында заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектері анықталды.

Жалпы аудан аумағында 127 дүңгіршек тіркелген. Олардың басым бөлігі Республика даңғылы, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, Қазыбек би, Төле би, Б.Момышұлы, Жангельдин және Түркістан көшелері бойында орналасқан.

Жыл басынан бері заңсыз орналасқан дүңгіршектерді орнынан алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Дегенмен, түсіндіру жұмыстарынан қорытынды шығармағандар да болды. Нәтижесінде 9 заңсыз орналасқан дүңгіршек орнынан алынды. Оның 4-еуін сотқа беру ісі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, қала аумағынан құрылған мобильдік топтар жұмыстарын жүйелі атқаруда. Бұған жергілікті полиция қызметкерлері және санитарлық дәрігер мамандар белсене араласты.

Жалпы қала бойынша рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 678 рет