Бейсенбі, 03 Қараша 2022 02:24

Отырар ауданында «Заң керуені» акциясы өтіп жатыр

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы Отырар ауданында да жалғасын тапты.

Акцияның мақсаты жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдардарды түсіндіру, заңды ұқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен ұқықтық тәртіпті нығайту үшін азматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.

Аталған іс-шараға Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Булеулиев пен аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов және аудандағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Кездесу барысында аудан прокуроры Бахытхан Төлегенұлы аудан прокуратурасы халықпен тікелей байланыс орнату арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысып, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал ететінін атап өтті.

Жиында аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Кизбай, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Д.Омарбек, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Бөрібековтер баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Ашық форматтағы басқосуға келген жұрт өздерін толғандырған мәселелерін тікелей прокуратура өкілдері мен жауапты бөлім басшыларына қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесуден соң аудан прокуроры Б.Булеулиев ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады. Айта кету керек, акция аясында өткен кездесу аудандағы өзге ауыл округтерінде де өтеді деп жоспарланған.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты  алғышарттарының бірі - азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе  оның  құрамды  бөлігі - адам құқығының мәдениеті. Адам  құқықтары туралы  ақпаратпен  жүйелі қамтамасыз  етудің  қажеттілігі  маңызды екенін ескерсек, онда   бұл салада  адам құқығы мәдениетін  қалыптастыруда  маңызды  құралдың   бірі  - білім  беру  ұжымдары  десек  қателеспейміз. «Адам құқығы туралы айтқан кезде  бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз»,- дейді М.Новицкий». Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы-адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы)» - деп анықтама берген. Адамның құқықтары мен бостандықтары  табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады   және   ең  жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен  бостандықтарын  сақтау  және  қорғау  мемлекет   функцияларының   бірі. Тұлға мен мемлекеттің  қарым - қатынасы  құқықтық   мемлекет   пен азаматтық қоғам  концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен  адам құқығының  арасындағы  өзара  байланыстылығы және өзара  негізділігі құқықтық  мемлекеттің  басты мақсаты адам  және  азаматтың құқықтарын қамтамасыз  ету болып  табылатындығынан  көруге болады. Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып,  өмір сүреді. Қоғамдағы  тәртіп  түрлі әлеуметтік  нормалардың, адамдардың мінез - құлқын  реттейтін   қағидалардың  әсерімен, яғни күшімен орнатылады. 

Құқықтық  нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны,  ал  құқытық   нормалар  негізінен  заңнан  нәр алып белгілі  құқықтар мен  міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну- жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды  білуді және соған сәйкес мінез-құлық  пен  іс-әрекеттерді  үйлестіруді  талап  етеді. Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - қылмыстың,  құқық  бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда  барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері,  ұстаздар  мен  ата-аналар,  азаматтар  да түсінуде. Құқық  бұзушылық  жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», - деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни  келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға  бейім  азаматтар да кездеседі  және  бұл - құқық бұзушылықтың  орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық  бұзушылық - қоғам өміріне  тән  қауіпті  дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты  ықылым заманнан осы  күнге дейін  әр түрлі пікірлер айтылып келеді.  Солардың ішінде  құқықтық  нормаларды  бұзуына  ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады. 

Жастар арасында  құқық   бұзушылықтың   алдын  алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге  өз  үлесін қосатын,  атсалысатын субъектілердің  бірі - оқу орындары болып табылады. Оқу орнында  жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін  дамыту  және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне   үлкен  жауапкершілік  пен  міндет  жүктейді. Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  - өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат - міндеттерін   дұрыс түсіндірудің  маңызы  ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. «Құқықтық тәрбие  мақсаты - оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет - қылық қалыптастырып, оларды  құқықтық  заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», - деп анықталған. 

Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі  де  көптеген экономикалық - материалдық, құқықтық - нормативтік базаны нығайтуды,  құқықтық тәрбиені  шығармашылықпен  ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті  қажет етеді. Сондықтан  мұғалім жаңа   заңдылықтармен  танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа  алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын,  тәрбиенің әдістерін,  түрлі  формаларын  біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу - олардың  қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие  беру  біздің баршамызға  міндет  екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені   ұстаздар қауымы    ата - аналармен, құқық   қорғау органдары қызметкерлерімен,  салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық   ұйымдармен,  қоғамдық  бірлестіктермен  бірлесіп,  тәрбиенің өзге  түрлерімен  байланыстырып  жүйелі  жүргізер болса,  нәтижелі  болмақ. 

Заңды білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді. Құқықтық   мемлекеттің  негізгі  белгісі  - халықтың  құқықтық  мәдениетінің  болуы. Құқықтық  мәдениет қоғам   мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол  екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет.  Адамның   жалпы мәдениеті мен    құқықтық  мәдениет, құқықтық мәдениет пен   құқықтық   сана  өзара тығыз байланысты.  Құқықтық   мәдениет   құқықтық  санамен салыстырғанда  әлдеқайда  кең ұғым.

Азаматтардың құқықтық мәдениеті  олардың  қолданыстағы   заңдар  жөніндегі   білімінен  байқалады.  Барлық   заңдарды  білу қажеттілігі  мүмкін емес болса  да, негізгі  қоғамдық    қатынастарды   реттейтін  заң талаптарын  әрине   әрбір  азамат  білгені  жөн.  Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны  өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне  қайшы  келтірмей   түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгер ғалымдар Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева  өз еңбектерінде:  «Тұлғаның құқықтық мәдениеті -   құқықты  білу, ұғыну  (түсіну)  және құрметтеуден    тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді)» - деп  атап  көрсеткен. «Жеке  тұлғаның  құқықтық  мәдениеті жөнінде, әсіресе мыналарды  баса көрсетуге болады: біріншіден, кез  келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше,  іс жүзінде,  өз  өмір  тәжірибесінде пайдалана  алуы  тиіс». Құқықтық  мәдениетті қалыптастырып  дамыту  еліміздің  болашағын айқындаушы  көрсеткіштердің   бірі десек, өскелең   ұрпаққа сапалы құқықтық білім  мен  саналы тәрбие  беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,   нормативтік - құықықтық  құжаттармен  үздіксіз танысып, жұмыс барысында  оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен  тығыз ынтымақтастық   қарым - қатынас орнатуды  және  қажырлы еңбекті  қажет етеді. Келелі жұмысты атқаруда бала құқығын қорғау,  балаға қарым - қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру  де нәтиже  береді  деп  ойлаймыз. Құқықтық саясаттың құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ. 
Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру, құқықтық насихат, яғни құқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру қажет. 
Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыру Республика Конституциясының негізгі идеялары мен принциптерін Қазақстанда құқықтық мемлекет құрылымының жаңа кезеңінің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық заңнаманы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады. 

Оқылды 224 рет