Жұма, 25 Қараша 2022 22:27

Отырарда «қыс – 2022» оқу-жаттығуы өтті

Қыс-РКШОЖ аясында азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш құралдары мен техникалараның қыс мезгіліндегі дайындық шаралары пысықталды.

24 қарашада “Қысқы кезең жағдайында Төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау” мақсатында Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен “Қыс-2022” Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы өтті.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің мәжіліс залында Отырар ауданы аумағында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға арналған мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің тиісті бөлім, жауапты мекеме басшылары қатысты.

Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орындарына жіберу маршруттарын анықтау, сондай-ақ авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар аудандық жеделге ден қою жасағын және аудандық АҚ күштері мен құралдарын алаңға жинап, сапқа тұрғызып дайындығын Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ж. Сейтжанов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М. Кемелханов қадағалады.

 

Оқылды 1862 рет