Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 13:07

Арыстан түлеп ұшқан өнер жұлдыздары жерлестеріне бейнеүндеу жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәдениет қайраткерлеріне айрықша алғысымды білдіремін, олар сөзімен және ісімен қазақстандықтарға көмектесуде», - деген болатын.

Осыған орай, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Арыс қаласынан түлеп ұшқан Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздары, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталған, Дос-Мұқасан тобының әншісі Ақжол Мейірбеков, Қазақстан және Татарстан Республикасының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Шахизада Байпатшанова, Нұрлан Еспанов, Ербол Байырбеков, Жазира Байырбековалар Арыс қаласы тұрғындарын сабырға шақырып, бейнеүндеу жолдады.

 «Аманшылық болса, бұл сынақтан да өтеміз.  Аты жаман дертті жеңіп шығу үшін , барлық жерде айтып жатыр ғой, үйден шықпау керек, бұл індет бір-бірімізбен араласқан кезде жұғады. Сол үшін, біз, өнер адамдары да үйде отырмыз.  Сіздерден өтініш, сыртқа шықпаңыздар, аман болып, бала шағаларыңызбен осы дерті жеңіп шығыңыздар. Біздің саулығымыз үшін күі-түні жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге, Ішкі істер орагнындағы қызметкерлерге бас иіп, үлкен рақмет айтқцм келеді. Спбырлы болайық. Жақсы күндерде, жылы күндерде, қуанышты күндерде сау-сәләмат жолығуға нәсіп етсін. Біз біргеміз!»,-деді өз бейнеүндеуінде Дос-Мұқасан тобының әншісі Ақжол Мейірбеков.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1201 рет