Түркістан облысы: созақтықтар ауданның 90 жылдығын тойлауға дайындалып жатыр

Қазан айының екінші онүкіндігінде Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл толғалы тұр. Аталған мерекелік күнді ерекше әрі есте қаларлықтай етіп атап өту үшін аудан халқы тынбай жұмылып, ұйымдастыру ісіне білек сыбана кірісті.

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Өмірімнің кейіпкері – өзіңсің» атты әлеуметтік-психологиялық жоба басталды

Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Өмірімнің кейіпкері – өзіңсің» атты әлеуметтік-психологиялық жоба бастау алды. 19 - 28 қыркүйек аралығында аудандағы барлық мектептерді аралап жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылатын болады.

Түркістан щаһарында «Түркістан – түркі халықтарының рухани орталығы» мерекелік шарасы өтті

Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған «Түркістан-түркі халықтарының рухани орталығы» атты мерекелік шарасы өтті. Айтулы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан Республикасынан арнайы делегация өкілдері, облыс әкімі мен облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен журналистер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев өзбекстандық делегациямен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған мерекелік шара аясында Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдерімен және ҚР Парламенті депутаттарымен кездесті.

Түркістан облысы: мектеп оқушылары арасында «Ясауитану-2018» халықаралық байқауы басталды

Астана қаласының 20 жылдығы жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында Түркістан қаласында XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды. Сайысқа Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларынан, сондай-ақ еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан 41 оқушы қатысуда.

Түркістан қауіпсіз қалаға айналады

Бүгінде Түркістанда қауіпсіздік бағытында ауқымды жобалар қолға алынды. Түркістан қаласы облыс орталығы болғандықтан, қазір мұнда қауіпсіздік шарасы басты назарда. Шаһардағы қоғамдық тәртіпті жол-патрульдік полициясы мен учаскелік полиция инспекторлары және басқа да күштік құрылымдар қадағалайды. Сондай-ақ қазіргі таңда 4 авто-эвакуатор белгіленбеген орынға қойылған көліктерді айыптұрақтарына жеткізуде. Бұдан басқа адам көп жүретін орындарда 2 стационарлық полиция бекеті орналасқан. Онда 18 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары осы камералардың көмегімен құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, оларға тосқауыл қойып, шара қолданады.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «24.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Келес ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы - Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кездесу өтті. Кездесуге Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және бюджеттік ұйым басшылары қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қонаққа келді

Бүгін Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды. 

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.