Шымкент: Сайрамда мобильді қабылдау өтті
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Сайрам тұрғын алабында мобильді қабылдау өтті. Жиынға қатысқан азаматтар өздерінің түйіткілді мәселелері мен арыз-шағымдарын жеткізіп, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.