Super User

Super User

Келесі жылы Түркістан облысындағы кәсіпорындарда жалақы көбейетін болды

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысындағы 88 кәсіпорында айлық жалақы көтеріліп, ең төменгі жалақы көбейеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Түркістан қаласын дамыту барысы» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Түркістанда терроризмге қарсы және құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде бірлескен отырыс өтті

Түркістан қаласындағы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі терроризмге қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мен проблемалық мәселелері қаралды.

Түркістанда ЮНЕСКО-ның бірінші ұлттық семинары өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы тарихи қалалық ландшафтарды сақтауды қолдау» тақырыбында ЮНЕСКО- ның бірінші ұлттық семинары өтті. Семинар Орталық Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Бюросы және Нидерландының Мақсатты қоры бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен қазақстандық мұражайлардың іс-шараларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Түркістан облысы: Шәуілдірде 1000 адам сиятын мешіт ашылды

Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде мың адамға лайықталған жаңа мешіт ашылды. «Есен ана» атауы берілген исі мұсылман баласының ортақ рухани орнын салтанатты түрде ашып, ел игілігіне беруге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысып, лентасын қиды.

Осы RSS каналға жазылу