Super User

Super User

Түркістан қаласы маңында жаңа су қоймасы салынады

«Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймаларындағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқоймасын салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақТүркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқоймасын салу бойынша құжаттарды әзірлеп,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс». Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысында қыс маусымына дайындық пысықталды

Түркістан облысы әкімдігінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Түркістанға биылдыққа миллионыншы турист келді

Бүгін Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz»сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысының дәрігері денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды

Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды. Дәрігер сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. 

Осы RSS каналға жазылу