Түркістан қаласында ұстаздар күні мерекесі аталып өтті
Бүгін Түркістан облысында Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті. Облыстағы аудан, қала әкімдіктеріне онлайн режимінде қосылған жиынға 500-ден астам озат ұстаз тікелей қатысуға мүмкіндік алды.
Бүгін Түркістан облысында Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті. Облыстағы аудан, қала әкімдіктеріне онлайн режимінде қосылған жиынға 500-ден астам озат ұстаз тікелей қатысуға мүмкіндік алды.
Шардаралық бір топ ұстаз облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ұстаздар қауымымен кездесіп, төл мерекемен құттықтауын онлайн режимде тыңдады. Облыс басшысының мемлекетімізде білім саласына айрықша назар аударылып, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу ісіне лайықты түрде қолдау жасалынып жатқанын нақты мысалдармен әңгімелеп, өңіріміздегі мектептердің атын тек жақсы жағынан шығару үшін жұмыла жұмыс жасауға шақырған тілегіне аудан ұстаздары риза болды.
1 қазан – қарттар күні мерекесін шардаралықтар жоғары дәрежеде тойлай білді. Аудандық «Абай» Мәдениет сарайында «Қариялар – асыл қазынамыз» тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шараға қала мен ауылдық округтерде ғұмыр кешетін тыл және еңбек ардагерлері, зейнеткер ата-әжелер жиналды. Салтанатты шараға келген тұрғындар ең алдымен аудандағы қариялардың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрмелермен танысты.
1 қазан – қарттар күніне орай Шардара ауданындағы бірнеше қарияға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков қалада тұратын тыл ардагері Айдын Оразбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Қол күресші палуандарымыз қазан айының 12-21 күндері аралығында Түркия елінің Анталия қаласында өтетін армрестлингтен Әлем чемпионатына аттанбақ. Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін спортшыларды Түркістан облысы бойынша аға жаттықтырушы Сейфулла Нұрхалықов және Нұржан Төреқұлов бастап бара жатыр. Сәтін салса, қазан айының 10-ында жолға шығатын жерлестеріміз әлем біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғамақ.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы осы қарттарымыз екені мәлім. Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Асанов 1 қазан – Қарттар күніне орай ардагер қариялардың шаңырақтарына тосыннан кіріп барып, мерекелерімен құттықтап қайтты.
Келешекте Жетісай ауданындағы Елбасының тікелей қолдауымен салынған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық канал үш кезеңде қайта құрылымдаудан өтетін болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге бағытталмақ. Егер жоба толық іске асса, 120 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Иіржар ауылдық округі Диқан ауылындағы 600 орындық Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс барысымен танысты.
Бүгінде Жетісай ауданында 48 643 тонна мақта жиналды. Оның 21831 тоннасы қол теріммен, 26832 тоннасы машинамен терілген. Қазір ауданда 6 мақта зауыты мен 94 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр.
Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» стадионында футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасындағы жарыстың IV кезең ойындары болып өтті. Жарыста мақтааралдық жасөспірімдер оза шауып бірінші орынды жеңіп алды.