Түркістандық АИТВ жұқтырған балалар Сан-Францискодағы конференцияға қатысады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев 2006-2008 жылдары АИТВ жұқтырған балалармен кездесті. Басқосу барысында есейген балалар өздерін таныстырып, қоғаммен бірге еркін өмір сүріп, барлық қолдаумен қамтамасыз етілгендерін жеткізді. Балалармен кездескен облысы әкімінің орынбасары әрбір балаға ерекше қамқорлық көрсетілетін айтып, барлығына 2020 жылы Сан-Франциско қаласында болатын АИТВ-ға арналған халықаралық конференцияға жолдама берілетінін жеткізді. Өз кезегінде ата-аналар тарапынан сөз алған Әлия Масаурова өз ұлының бүгінде алғырлығымен, білімділігімен ерекшеленетінін айтты.