Сайрам ауданының 90 жылдығы аталып өтті
Түркістан облысында Сайрам ауданының 90 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шара Ақсукент елдімекеніндегі Мәдениет үйінде бастау алды. Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев тұрғындар мен қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.