Түркістан облысы: Кентау қаласында инсульт орталығы ашылды
Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.