Түркістан облысының қол күресші палуандары Түркияда өтетін әлем чемпионатына аттанады

Қол күресші палуандарымыз қазан айының 12-21 күндері аралығында Түркия елінің Анталия қаласында өтетін армрестлингтен Әлем чемпионатына аттанбақ. Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін спортшыларды Түркістан облысы бойынша аға жаттықтырушы Сейфулла Нұрхалықов және Нұржан Төреқұлов бастап бара жатыр. Сәтін салса, қазан айының 10-ында жолға шығатын жерлестеріміз әлем біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғамақ. 

Түркістан облысы: Мақтааралда қарияларға құрмет көрсетілді

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы осы қарттарымыз екені мәлім. Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Асанов 1 қазанҚарттар күніне орай ардагер қариялардың шаңырақтарына тосыннан кіріп барып, мерекелерімен құттықтап қайтты

Түркістан облысы: Алдағы жылы жетісайлық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

Келешекте Жетісай ауданындағы Елбасының тікелей қолдауымен салынған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық канал үш кезеңде қайта құрылымдаудан өтетін болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге бағытталмақ. Егер жоба толық іске асса, 120 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. 

Түркістан облысы: «Мақтаарал» жеңіске жетті

Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» стадионында футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасындағы жарыстың IV кезең ойындары болып өтті. Жарыста мақтааралдық жасөспірімдер оза шауып бірінші орынды жеңіп алды. 

Түркістан облысы: Агроөндірістік кешенді дамытуға жыл сайын 100 млрд. теңге бағытталатынына жетісайлық шаруалар разы

Алдағы үш жылда агроөндірістік кешенді дамытуға жыл сайын қосымша 100 млрд. теңге қаржы бөлінетін болады. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың сапалы әрі қауіпсіз азық-түлік пайдалануына мүмкіндік туғызбақ. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Ұлан-ғайыр жері бар, құнарлы топырағы бар Қазақстан шетелден қымбат әрі сапасыз азық-түліктер алмауға тиіс. Біз өзімізді өзіміз асырай аламыз», - деді Елбасы. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімдігі ұстаздар мәртебесін көтеруді ортақ міндеті санайды

Жетісай ауданында Ұстаздар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Шараға аудан әкімі Ж.Бейсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Утанов, аудан әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді

Мырзашөл өңіріндегі ризық-несібесі «ақ алтын» арқылы бұйыратын шаруалар үшін жағымды жаңалық! Кешегі аптада вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарынан кейін мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді. Министр мен облыс басшысы жергілікті зауыт басшыларымен және мақтаны экспорттаумен айналысатын трейдерлермен арнайы жиын өткізіп, жүргізілген нәтижелі жұмыстың арқасында «ақ алтынның» бағасы 10 теңгеге өсті.