Түркістан облысы: насихаттық топ тұрғындармен кездесті

Түркістан облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау бойынша облыстық топ бірнеше аудан, қалаға іссапар жасады. Облыс әкімінің орынбасарлары басаған топтың құрамында зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, басқарма басшылары мен өзге де белсенді азаматтар бар.

Түркістанда халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумы өтті

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумы» өтті. Басқосудың мақсаты - түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау болатын.

Түркістан мен Алматы арасында туристік пойыз қатынайтын болады

Жақын күндері Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен кездесуде  белгілі болды. Шежірелі шаһарға арнайы атбасын бұрған «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас директоры Роман Ботабеков алдымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, туризмді дамыту бағытында пікір алмасты. Облыс әкімі тарапынан қолдауға ие болған компания басшысы өңірдің туризмін дамытуға үлес қосатынын айтты.

Түркістан облысы: Елбасы Жолдауы кәсіподақтар тарапынан қолдау тапты

Шымкентте Түркістан облысы мен Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен өкілдері қатысқан жиын өтті. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауындағы басым бағыттар сөз болды.

Түркістанға келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр

Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды. 

Түркістандықтар Елбасы Жолдауын талқылап, жаңа міндеттерді жүзеге асыруға кіріспек

Бүгін Түркістан облысында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша келелі мәжіліс өтті. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 100 жасаған 6 қария тұрады

Жетісай ауданында жасы 100-ден асқан 6 адам тұрады. Ұзақ жасаушылардың 5-і – қарт әжелер. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев ғасыр жасаған жандарды мерекелерімен құттықтау үшін үйлеріне арнайы барып, сый-сияпат жасады. 

Түркістан облысы: Келес ауданының мұғалімі – «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы

Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді. Биыл «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Астана қаласында "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.