Шымкент өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша республикада көш бастады
Шымкент қаласындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 406,9 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Береке Дүйсебеков мәлімдеді.