ҚСЗИ сарапшылары Түркістан облысының әлеуеті жоғары екендігін айтты
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша аймақтық сарапшылардың кездесуі өтті. Кездесуді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізді.