Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025 17:24

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болды.

Байқауға келген көпшілік алдымен тақырып аясындағы аудандық орталық кітапхананың кітап көрмесі мен әжелердің қолөнер ұйымдарымен танысты. Аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы әжелер алқасының төрайымы Тұрлыбек Мейрамкүлдің бастамасымен, аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті.

Әр ауыл округтерінен келген үміткерлер ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды. Әжелеріміз ән де айтты,би де биледі.  Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов қатысушыларға сәттілік тілеп, әр шаңырақтың берекесіне айналған әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып өтті.

Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлдегер атанған әжелер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан өзге де әжелер арнайы номинациялармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Марапаттарды табыстау сәтінде аудандық Әжелер алқасының төрайымы Мейрамкүл Тұрлыбек пен «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалдан Байжұман ұр-пақтар сабақтастығын жалғастыруда, ата-баба аманатына адал болуда, бала тәрбиесі және отбасы құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды насихаттауда әжелердің орны маңызды екенін айтып, шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыстарын айтты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 30 рет
Super User

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Super User

© 2020, "AQ-QARA.KZ" ақпараттық агенттігі

Директор-бас редактор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Байланыс телефоны: +77025361474

E-mail: dauren-tm@mail.ru


Пайдаланушылық келісім