Руханият

Руханият (150)

Созақта «Тіл – әр ұлттың баға жетпес қазынасы» атты аудандық тіл фестивалі ұйымдастырылды

Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – әр ұлттың баға жетпес қазынасы» атты аудандық тіл фестивалі өтті. Тағылымды шара «Мыңжылқы» мәдениет сарайында ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті нығайтуға, тіл мәдениетін дәріптеуге бағытталған.

Түркістаннан Баянауылға Тайқазан макеті сыйға тарту етілді

Түркістан қаласынан Павлодар облысының Баянауыл ауданына қазақ халқының рухани мұрасын айшықтайтын қасиетті Тайқазанның макеті тарту етілді. Бұл бастама – өңіраралық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған игі шаралардың жалғасы.

Сауран ауданында «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Сауран ауданында Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге бағытталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды. Рухани-ағартушылық іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Кентауда «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Кентау қаласында Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Созақ ауданында «Ғибратты ғұмыр» атты еске алу кеші өтті

Созақ аудандық С.Қожанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде Созақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, қарымды қаламгер Есенбек Кенжеғараевтың 80 жылдығына орай «Ғибратты ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Созақтық Дүйсен Ерғали «Әкелер мектебі» байқауының жүлдегері атанды

Түркістан қаласында облыстық «Әкелер мектебі» байқауы өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа өңірдің үздік әкелері қатысты.

Созақ ауданы «Жалпыұлттық құндылық – ел дамуы» жобасында 1 орынды иеленді

Түркістан қаласында «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Жалпыұлттық құндылық – ел дамуы» жобасының қорытынды кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Түркістан облысы: ас беру мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланған жиын өтті

Түркістандағы Достық үйінде «Ас беру мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет» тақырыбында кездесу өтті. Келелі басқосуға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, қала имамдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түркістан: облыс әкімі Нұралхан Көшеров қаламгерлермен кездесіп, руханият мәселесін талқылады

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан руханияты мен әдебиетіне үлес қосып жүрген қаламгерлермен кездесіп, пікір алмасты. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, этнограф Қасымхан Бегманов және ақын Қалқаман Сарин қатысты. Кездесуде ел руханияты, ұлттық әдебиет және Түркістан қаласының түркі әлеміндегі тарихи миссиясы кеңінен талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу