Пятница, 21 Сентябрь 2018 05:41

Түркістан облысы: білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті

Өткен сәрсенбі, яғни 19 қыркүйек күні Жетісай, Мақтаарал аудандарының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті.  Күн тәртібіндегі басты мәселе – ауданның бөлінуіне орай білім беру ұйымдарының кәсіподақ басшыларын сайлау болатын.

Білім беру ұйымдарының Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетін көп жылдан бері басқарып келген Бахтияров Пердебек ақсақал зейнет жасында екенін ескертіп, бөлінген аудандарға сайлауға түсуден бас тартты. Бахтияров Пердебек ағайдың осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, сөз алған делегаттар бұрынғы басшыға ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Мырзакент кенті Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында өткен Мақтаарал аудандық кәсіподақ басшысын сайлау тартысты өтті. Сайлау қорытындысы бойынша «Мақтаарал» гимназия-мектебінің директоры Алданияз Жолдасов сайланды. Жетісай қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде өткен сайлауда кезіндегі Мақтарал ауданы кәсіподақ комитетінің бас маманы Асқар Ниязбеков бірауыздан Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 995 times