«Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің І слётінің спикерлері Түркістан облысы «Жас Отан» Жастар қанатының төрайымы Намаз Жұлдыз Алмазқызы, «Ауыл және жұмысшы жастар» жастар ҚБ төраға орынбасары Джамалов Асылбек Досмұхаммедұлы, Ауданымыздың ең жас әкімі, Балықты ауылдық округінің әкімі Арман Жақсылықұлы Үркембаев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі, ОҚО бойынша 2017 жылдың үздік студенті Джолбасханов Ислам Талипұлы, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы жастармен еркін пікір алмасты. Слет қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде Түлкібас ауданы студенттерінің «Резолюциясы» қабылданды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»