Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама алу мен оқушыларды мектепке қабылдау да mektep.sitcen.kz порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Мәселен, биыл аймақта электрондық жүйе арқылы 54 751 оқушы 1-сыныпқа қабылданыпты.
Биыл облыстағы 481 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама беру және кезекке қою осы жүйе арқылы жүзеге асқан. Бұл аймақтағы балабақшалардың 35 пайызын қамтиды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Cондай-ақ өңірдегі 902 мектептің барлығы jumys.sitcen.kz порталына қосылған. Қатардағы қызметкерден бастап, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау онлайн режимде іске асырылады. Бүгінде аймақта 1239 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасқан.
Айта кетейік, Түркістан облысы республикада алғаш болып, цифрлық жүйені білім саласына енгізді. Бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке жол ашып, өзінің тиімділігін көрсетті. Болашақта еліміздің барлық аймағына жаңа жүйені енгізу жоспарланып отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»