Негізгі мақсаты – цифрландыру жүйесімен барлық салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану, жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру. Өңірде қазіргі таңда 2020 жылға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетуді 90% электронды жүйеге көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Колледжегі 2000 мыңға жуық студент алда «SMART-колледж» бағдарламасын пайдаланбақ. Сондай-ақ мұнда сынақ кітапшасын, қажетті анықтамаларды оңай алады. Тіпті жатақханаға тұру үшін, осы жерге келіп тіркеле алады. Бұрын бұл қағаз жүзінде іске асырылған.
Бұл ретте облыстық МҚІЖСЖҚ іс-қимыл департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Бүгінгі күні жемқорлықты жеңу жолдарының бірі – көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа өткізу. Яғни қызмет алушы өзінің үйінде отырып немесе мобильді телефоны арқылы кез келген қызметті алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Осы жұмысты әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Кезекте – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Сол жерден студенттерге қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырмыз» дейді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.