«Елбасымыз халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ірнеше бағдарламаларды іске қосты. Атап айтсақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары қазақстандықтарға шарапатын тигізуде. Оған бүгін сіздер де куә болып отырсыздар. Мұндай қуаныштар мұнымен шектелмейді. Үй кезегінде тұрған барлық азаматтар кезең-кезеңімен баспаналы болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған нысандардың жалпы жобалық - сметалық құны 898 млн. 686 мың теңгені құрайды. «Стройсервис XXI» ЖШС 5 қабатты ғимараттардың құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастаған. «Южказпроект» ЖИ ЖШС жобалау жұмыстарын атқарса, нысандардың техникалық қадағалауына «Royal Company» ЖШС жауапты. Айта кетсек, жыл соңына дейін 2 қабатты 5 қызметтік үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылы Кентау қаласында қосымша 60 пәтерлі 5 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады. Жалпы 300 пәтер болатын жобаның сметалық құны 2 175 млн. теңгені құрайды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»